Адельдің "Hello" әні "Грэмми" нұсқасы бойынша "Жыл әні" атанды

Адельдің "Hello" әні "Грэмми" нұсқасы бойынша "Жыл әні" атанды © emazе.com

?лыбританиялы? ?нші Адельді? "Hello" композициясы "Грэмми" н?с?асы бойынша "Жыл ?ні" атанды, - деп хабарлайды РИА Новости. Б?л туралы канадалы? ?нші Селин Дион м?лімдеді.

Ұлыбританиялық әнші Адельдің "Hello" композициясы "Грэмми" нұсқасы бойынша "Жыл әні" атанды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы канадалық әнші Селин Дион мәлімдеді.

Сондай-ақ, "Жыл әні" номинациясы бойынша "Formation" (Бейонсе), "Love Yourself" (Джастин Бибер), "7 Years" (Lukas Graham) және Майк Познердің "I Took a A Pill in Ibiza" әндері ұсынылды.

Реклама
Реклама

Осыған дейін басқа да лауреаттардың есімдері хабарланған болатын. Мысалы, былтыр қайтыс болған Дэвид Боуидің "Blackstar" композициясы "үздік рок-композиция" атанса, америкалық Chance the Rapper "үздік орындаушы" номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ, америкалық Бейонсенің "Formation" бейнебаяны "үздік музыкалық видео" номинациясын жеңіп алды. Ал Адель "үздік поп-альбом" номинациясы бойынша марапатталған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама