16 шілде 2019 | 19:25

Әділхан Макин Лукашенко тағайындаған сыйлыққа ие болды

Әділхан Макин. © instagram.com/makin.khan

Әділхан Макин "Славян үміті" президенттік сыйлығына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әділхан Макин "Славян үміті" президенттік сыйлығына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші 15 шілдеде "Славян базары-2019" xалықаралық фестивалінің жабылу салтанатында Гран-При жүлдесімен бірге Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко биыл алғаш рет арнайы тағайындаған "Славян үміті" президенттік сыйлығына ие болды.

Реклама
Реклама

Бұл сыйлық Әділxан мен көрермендер үшін тосынсый болды. "Славян үміті" (Славянская надежда) сыйлығын Беларусь мемлекетінің басшысы вокалдық тұрғыда славян музыка өнерінің тақырыбы мен мазмұнын биік деңгейде аша білген ең үздік әншінің шығармашылығын қолдау үшін тағайындаған болатын. Беларусь президентінің арнайы сыйлығын Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары Игорь Петрешенко табыс етті.

Димашпен салыстыру, өмірі және вокал қабілеті. Әділхан Макин жайлы не білеміз?

Еске салайық, Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен "Славян базары-2019" байқауында бас жүлде жеңіп алған еді.

Әділxан 2 турда да үміткерлердің көшін бастап, қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алға шыққан.

Бірінші турда Әділхан Макин Игорь Крутойдың "Озеро надежды" әнін айтып, көш бастаған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная