ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2021 | 12:08
Ақтаулық оқушы қыз коронавируспен ауырған атасына ән арнады
Ақтаулық оқушы "Жаратқан Алла, індеттен сақта" әні арқылы атасының қауіпті вирустан тезірек жазылуын тілеген. Жуырда бұл әнге бейнебан түсіріліп, әлеуметтік желіде көптің қолдауына ие болды. Желінің жұлдызына айналған Әмина Қолғанатова мен оның атасы Қолғанат Нұржаубайұлымен "Хабар 24" тілшілері сұхбаттасты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтаулық оқушы "Жаратқан Алла, індеттен сақта" әні арқылы атасының қауіпті вирустан тезірек жазылуын тілеген. Жуырда бұл әнге бейнебан түсіріліп, әлеуметтік желіде көптің қолдауына ие болды. Желінің жұлдызына айналған Әмина Қолғанатова мен оның атасы Қолғанат Нұржаубайұлымен "Хабар 24" тілшілері сұхбаттасты.
Бейнебаянның біраз бөлігі Маңғыстаудағы көрікті жерлердің бірі - Бозжырада түсірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген 10 жастағы Әмина биік шоқының үстінде ән айтып тұр. Әлемді алаңдатқан жұқпалы дерттен атасының тезірек айығуын тілейді. Бейнебаянда Ақтау ауруханаларындағы коронавируспен күрескен азапты күндер мен түндер де бейнеленген.
"Жазда атам коронавирус жұқтырып, қатты ауырып қалды. Демала алмай қалды. Үйдегілердің барлығы уайымдады. Мен де қатты қорықтым. Атам тезірек жазылса екен деп дұға тіледім", - дейді Әмина Қолғанатова.
Әмина 4-сыныпта оқиды. 4 жасынан бастап ән айтады. Оның өнерінде басты қолдаушы - атасы. Вокал үйірмесіне өзі апарып, ән әліппесін де өзі үйреткен. Кейіннен бірнеше әнге сөз жазып беріпті.
"Бұл маған үлкен сый болды. Ауырғаным да рас, қиналғаным да. Өзімнен басқа айналамдағы туған-туыс, бала-шаға, келіндердің қиналғанын мен де сезіп жаттым. Бұл бүкіл адамзатқа келген бір тажал болды. Әлі де қауіп сейілген жоқ. Сондықтан да бұл осы індетке қарсы адамзаттың гимініне айналса, бүкіл Қазақстанда, басқа әлемнің де халқы індеттен тезірек құтылса деген тілегіміз бар", - дейді оқушының атасы Қолғанат Нұржаубайұлы.
Әннің сөзін ақын Сабыр Адай жазған. Ал бейнебаянның түсірілуіне әннің авторы Марат Оразбаев көмектескен. Өнер әлеміне енді қанат қаққан Әмина болашақта тағы бірнеше бейнебаян түсіруді көздеп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также