ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2022 | 16:27
"Акцент жоқ". Желіде шетелдік танымал блогердің қазақша кавері жұртты сүйсіндірді
Танымал шетелдік блогер әрі әнші Мона Гонсалес қазақша ән шырқап жүр. Оның кейінгі жүктеген видеосы Желіде қызу талқыға түсті. Tengrinews.kz тілшісі әншімен байланысқа шығып, оның қазақ әндеріне қызығушылығы қайдан пайда болғанын сұрады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал шетелдік блогер әрі әнші Мона Гонсалес қазақша ән шырқап жүр. Оның кейінгі жүктеген видеосы Желіде қызу талқыға түсті. Tengrinews.kz тілшісі әншімен байланысқа шығып, оның қазақ әндеріне қызығушылығы қайдан пайда болғанын сұрады.
Мона Гонсалес - Филлипин елінің тумасы, негізгі мамандығы - вокалист. 6 жасынан бастап ән айтып, музыка жазумен айналысады. Бүгінде оның әлеуметтік желілерде 15 миллионнан астам оқырманы бар. Жақында ол Spotify платформасында көп ізделген орындаушылар қатарына кірді.
Монаның кеше TikTok-та жүктеген "Жүрегіңнің есігін аш" әніне кавері 3,6 миллион қаралым жинаған, пікірлер саны 35 мыңнан асып кетеді. Сонымен қатар, бұл видеоға реакция түсіріп жатқан қолданушылар да аз емес.
@mngnzls Reply to @ak__040 ♬ original sound - MONA
"Жолдасбектің өзінен артық орындады", "Акцент жоқ қой, тіпті", "Өте керемет", "Уау, мынау таза қазақ қой" , - деп жазды TikTok қолданушылары.
Шетелдік әнші қазақша әндерді орындау өзіне қатты ұнайтынын жеткізді.
"Осы кавер жарты сағат ішінде рекомендацияға шығып, жақсы таралды. Оның себебін өзім де білетін сияқтымын. Мен бұл әуенді сөзімен бірге сезіне алдым. Көп жағдайда әннің сөзін жаттап, оның мағынасын түсінбей жатамыз. "Жүрегіңнің есігін аш" әнін алғаш естіген сәттен бастап ойымнан шығармадым. Бастапқыда сөзі өзімен-өзі жатталып қалды, кейін оның аудармасын біліп алдым. Маған ұнады. Өте көңілді ән", - дейді Мона Гонсалес.
Айта кетейік, "Жүрегіңнің есігін аш" әні қазақстандық әнші Жолдасбек Әбдіханов репертуарынан алынған. Бұл ән осыдан үш жыл бұрын жарық көрген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также