ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қаңтар 2020 | 15:52
Aldaspan тобы халықаралық фестивальге қатысу үшін қаражат жинап жатыр
Aldaspan тобы Оңтүстік Кореяда қазақ этнорогын ойнау үшін қаражат жинайтынын хабарлады. Музыканттарды Seoul Music Week фестивалінде өнер көрсетуге шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Aldaspan тобы Оңтүстік Кореяда қазақ этнорогын ойнау үшін қаражат жинайтынын хабарлады. Музыканттарды Seoul Music Week фестивалінде өнер көрсетуге шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Aldaspan - электрдомбыраны ойлап тапқан топ. 2019 жылы шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен Eurasia Music Hub фестивалінде музыканттар Seoul Music Week және Ulsan Jazz Festival халықаралық фестивальдерінің бас әрі шығармашылық директоры Юнг Хун Лидің (Jung Hun Lee) көзіне түскен.
"Eurasia Music Hub-та көптеген ауызша шақырту алдық. Бірақ біз үшін және біздің мәдениетіміз үшін маңыздыларының бірі - Seoul Music Week шоукейсі. Бізге ресми шақырту келді. Қазақстандық топтар үшін бұл шоукейске қатысу маңызды, бірақ әзірше тек Aldaspan-ды таңдады. Бұл шоукейсте 10 топтың тоғызы турне өткізуге халықаралық келісімшарттар алады. Туымыздың әлемдік сахналарда болғанын қалайтын қазақстандықтардан көмек сұраймыз. Билет алып, сонда барып, мәдениетімізді көрсетеміз де, қайтамыз. Қаражат бойынша есеп береміз. Сіздерге көп рақмет, бұл біздің мәдениет үшін үлкен жеңіс. Алға, Қазақстан!", - деп топ құрылтайшысы Нұржан Тойшы отандастарына үндеу жасады.
Бесінші Seoul Music Week 2020 жылы 22-24 мамыр арасында өтеді.
"Бұл әлемдегі ең абыройлы және пайдалы музыкалық нарық. Seoul Music Week шоукейсінде өнер көрсету - әлемдік нарыққа шыққысы келетін музыканттар үшін ең дұрыс таңдау. Егер топ шоукейске қатысатын әртіс ретінде таңдалса, әлемге әйлгілі фестивальдер мен бағдарламалардың директорлары алдында өнер көрсете алады. Жеке музыканттарға да бетпе-бет кездесу мен пайдалы байланыс жасау мүмкіндігі туады", - деді Юнг Хун Ли.
Eurasia Music Hub халықаралық кеңесшісі, JV-Promotion агенттігінің қожайыны Юлиана Волоштың айтуынша, қазақстандық Aldaspan тобының Сеулдегі фестивальге шақырту алуы - жазда елордада өткен Eurasia Music Hub шоукейс-фестивалінің алғашқы нәтижесі.
Eurasia Music Hub. Казахстанскими музыкантами заинтересовались в Африке и Европе
"Seoul Music Week-ке Еуропа, Азия, АҚШ және Канаданың делегациясы келеді. Олар - музыка әлеміндегі белсенді мамандар, мұндай жағдайда көрініп қалу - халықаралық музыка фестивальдеріне ашылатын жол. Музыка нарығындағы адамдар топты өмірде көруді жөн санайды. Олар әртістердің өзін сахнада ұстауына, бір-бірімен байланысқа және тағы да басқа элементтерге мән береді. Бұл - үлкен мүмкіндік! Eurasia Music Hub ұйымдастырылуының да басты себебі осы. Әртүрлі мемлекеттен келетін делегация өкілдері қазақстандық әртістерге қызығып, оларды өз елдеріне қонаққа шақыруы керек", - деп түсіндірді Юлиана Волош.
Aldaspan музыканттары - The Spirit of Tengri және The Spirit of Eurasia заманауи этника музыкасы халықаралық фестивальдерінің тұрақты қатысушылары.
"Әлемнің түкпір-түкпіріндегі шоукейстерге қатысу өте қиын. Адамдар кезегін 2-3 жылдап күтеді, ал Seoul Music Week және WOMEX секілді шараларға қатысу қиын процесс. Юнг Хун Лидің топты Eurasia Music Hub арқылы ескеруінің өзі үлкен жеңіс. Себебі Қазақстанның, жалпы Орталық Азия атынан шығайын деп отырғанының өзі халықаралық тәжірибе", - дейді The Spirit of Tengri фестивалінің бас продюсері Жан Қастеев.
Оның айтуынша, командалар қатаң іріктеуден өтеді. Іріктеу нәтижесі бойынша тоғыз топ ірі музыкалық фестивальдердің, гастроль турларының арт-менеджерлерімен келісімшартқа отырады.
"Ақша жинауға көмектесе алсақ, ол біздің елге үлгі болар еді. Осыған қарап басқа да талантты қазақстандық әртістердің әлемдік музыкалық аренада өнер көрсетуіне жол ашылар еді. Сондай-ақ, бұл Қазақстанға музыкалық өнімін экспорттауға көмектеседі", - деді Қастеев.
Топ қатысушылары 1,8 миллион теңге жинап жатыр - ол ақша бес адамның Алматыдан Сеулге ұшып баруы үшін қажет. Мына реквизиттер бойынша талантты топқа қолдау білдіріп, ұлттық мәдениетіміздің әлемдік масштабта дамуына үлес қоса аласыз: 5169 4971 3310 2164 Kaspi Gold.
Показать комментарии
Читайте также