Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Әлемге әйгілі "Хуун-Хуур-Ту" тобы Алматыда америкалық DJ Rizzo-мен бірге өнер көрсетеді

05 Мамыр 2016, 11:15
0
"Хуун-Хуур-Ту" тобы
"Хуун-Хуур-Ту" тобы

Әлемге әйгілі тывалық "Хуун-Хуур-Ту" тобы америкалық DJ Carmen Rizzo-мен The Spirit of Tengri заманауи музыкалық этно-фестивалінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тывадан келген топтың мүшелерінің арасында фестивальдің тұрақты қатысушысы Радик Тюлюш осы жылы да сахнаға шығады. Шет елдерде де өнер көрсетіп, танымал болған орындаушылар енді Алматыда да өнер көрсетеді. Атақты диджеймен бірге орындалған әндер дәстүрлі және этникалық әндерді және электронды музыканы біріктіре алады.

Көмеймен ән салу - ежелден келе жатқан өнер, ол адамдардың табиғатпен үйлесе өмір сүруі кезінде, мыңдаған жыл бұрын пайда болған. Музыканттардың айтуынша, дыбыстардың үйлесімді тербелісі адамның қабылдауы мен әсер алу сезімін күшейтеді. "Көмеймен ән салу кез келген тыңдарманды баурап, жақсы әсер береді. Мұндай ән айтудың тіпті денсаулыққа да пайдасы бар. Адамдар көмеймен айтылған әуенді тыңдап, қуат алады", - деді Радик Тюлюш. 

Музыканттардың айтуынша, көмеймен ән салу адамдағы сенімділікті арттырып, жанын тыныштандырады.

"Хуун-Хуур-Ту" тобы штаттардағы әйгілі Carmen Rizzo есімді диджеймен бірнеше жыл бұрын жұмыс істей бастаған. Музыканттар бірге ән жазып, соның арқасында олар Америка Құрама Штаттарында бірнеше тур өткізді. Орындаушылар әр қалада тұратынына қарамастан, осы маусым айында бірге өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Carmen Rizzo екі рет "Грэмми" сыйлығының иегері атанды. Ол Seal, Coldplay, Пол Окенфолд, Alanis Morissette, Dido, Jem, Niyaz, Ryuichi Sakamoto, Khaled сияқты әртістермен бірге жұмыс істеген.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрлерін елімізде көрсетуге арналған мультимәдени жоба. Халықаралық заманауи этно-музыкалық The Spirit of Tengri екікүндік фестивалі open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерт сағат 17.00-де басталады. Қонақтарға кіру тегін. Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Фестивальге техникалық көмек көрсететін - KZ Sound компаниясы, ресми әуе тасымалдаушы - AirAstana. Ал фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz.

Сонымен қатар, The Spirit of Tengri фестивалінде "Роксонаки", Aldaspan және Sintas топтары өнер көрсетеді. Жоба Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай