24 қаңтар 2022 | 17:17

Алматы қасіреті: Ренат Гайсин қаза тапқан қазақстандықтарға ән арнады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Танымал музыкант Ренат Гайсин мен әнші Dinaya қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған "Періштелер" атты ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал музыкант Ренат Гайсин мен әнші Dinaya қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған "Періштелер" атты ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайғылы оқиғалар кезінде шынымен жыладым. Көз жасы әнге айналды. Содан кейін достарым Мәлік Хасенов пен Алексей Маклайға болған оқиғаны жеткізетін ән жазу үшін қоңырау шалдым.

Біздің достарымыз Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева бейнеклип түсіруге ұсыныс тастады. 

Динаямен бірге орындадық. Шынымды айтсам, ән жазу кезінде жиі тоқтата тұруға тура келді. Өйткені бұл әнді орындау өте қиын болды", - деді ол.

Композитор бұл жолы арнау алғашқы нотадан-ақ дүние келгенін айтты.

Реклама
Реклама

"Алматыны жер бетіндегі үздік қала деп білемін. Ол - еліміздің бесігі. Ол мен тұратын қала. Бұл қалада тумасам да, жастық шағымды осы жерде өткіздім. Мен үшін ол туған қалама айналды. Бұл композитордың жүрегінен шығуы керек ән екенін түсіндім.

Шын мәнінде, бұл - бүкіл халқымыздың қасіреті, қайғысы", - деді Гайсин.

Клип продюсері Дәуіт Шайхисламовтың айтуынша, жаңа әуен қазақстандықтардың ортақ қолдауын, жанашырлығын көрсетеді.

"Қазақстандықтармен бірге болған жағдайлардың жауапкершілігі мен ауыртпалығын түсінеміз. Бүкіл шығармашылық топ өз жұмысын қаңтар трагедиясында қайтыс болған отандастарды еске алуға арнады. Қымбатты достар, бір-біріңізге қамқор болыңыздар", - деді Шайхисламов.

Видео YouTube-те қолжетімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная