29 қыркүйек 2019 18:23

Алматыда Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қашан пайда болады?

Алматы Орталық саябағының басшылығы таяу уақытта Батырхан Шүкеновке неліктен ескерткіш қоя алмайтындарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Орталық саябағының басшылығы таяу уақытта Батырхан Шүкеновке неліктен ескерткіш қоя алмайтындарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Биыл наурызда Горький атындағы саябақта қазақстандық орындаушының құрметіне ескерткіш орнатуға уәде берген. Оны "Әуен бағында" орнататын болып шешкен, қазір ол жақта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Реклама
Реклама

Негізі бұл ұсынысты Алматы қаласының бұрынғы басшысы Бауыржан Байбек ұсынған еді. Оның бұл идея аяқсыз қалатын сыңайлы. 

"Әзірге біз концепциясын ойластырмадық, қайда және қашан қоятынымызды да шешпедік. Сол себепті осы мәселені кейінге шегердік. Оны біздің қала басшылығы шешетін болады. Жыл соңына дейін бірдеме болады деп айта алмаймын", - деді Алматы Орталық саябағының директоры Владимир Калинин. 

Айта кетейік, 2018 жылы мамырда Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш қойылған еді. Туынды авторы - Мұрат Мансұров. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram