18 тамыз 2021 13:24

Алматыда Jah Khalib-тің сұхбатын бөлген тұрғын әкімдікке шағымын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған

Танымал әнші Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) ресейлік "Люди говорят" YouTube-арнасының жаңа шығарылымының қонағы болып, балалық шағы, отбасы, музыкалық мансабы және алдағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) ресейлік "Люди говорят" YouTube-арнасының жаңа шығарылымының қонағы болып, балалық шағы, отбасы, музыкалық мансабы және алдағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің балалық шағы мен жастық шағы өткен Алматыдағы аулалардың біріндегі түсірілім кезінде, жергілікті тұрғын түсірілімді кім, не үшін жүргізіп жатқанын сұрап, кейін Шевченко мен Мұқанов қиылысындағы өзі тұратын тұрғын үй ауласындағы проблемаларды айта бастайды.

"Біздің үйдің сол жағындағы алаңға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Жаз бітіп жатыр. Балалар ойнайтын алаңда бәрі қазылып, құлап жатыр. Алматы әкімшілігіне өтініш тастадық, бірақ келіп, қарап жатқан ешкім жоқ", - деді әйел.

Реклама
Реклама

Jah Khalib тұрғыннан бұл мәселеге кім жауапты екенін сұрады, бірақ ол жауап берместен арызын жалғастырды.

Сондай-ақ, әнші алдағы уақытта Қазақстанның 14 өңірінен мектептер салуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Өмірдегі басты мақсаттарымның бірі-балаларға арналған мектептер салу. Мен осы үшін ақша жинап жатырмын. Көп ақша қажет. Себебі, мектеп салу үшін біраз қаражат керек екенін білемін. Қазіргі уақытта нақты жоспар бар. Мен оны 40 жасқа дейін жүзеге асырамын", - деді әнші.

Сонымен қатар, сұхбатында Jah Khalib өзінің отбасы, мансабындағы үзіліс, Құдаймен және әйелімен қарым-қатынасы және оның міндеттері туралы айтты.

жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram