Алматылық атақты Джимми Хендрикстің әнін домбырамен орындады

Алматылық атақты Джимми Хендрикстің әнін домбырамен орындады Tengrinews.kz коллажы

Алматылы? Глеб Пономарев домбырада Джимми Хендриксті? "Hey Joe" деп аталатын ата?ты хитін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық Глеб Пономарев домбырада Джимми Хендрикстің "Hey Joe" деп аталатын атақты хитін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Интернетте инструментал каверлер тақырыбы көп талқыланады. Музыканттар танымал әуендерді өз мәнерінде орындайды, оның ішінде ұлттық аспаптармен орындайтындары да бар. Beatles гитарада немесе Led Zeppelin банджода - Желіде бәрін табуға болады. ХХ ғасырдағы ең танымал гитарашылардың бірінің әні домбырада қалай шығатынын көрсеткім келді", - деді Пономарев.

Реклама
Реклама

Бұл өнерпаздың мұндай тұңғыш эксперименті емес. Мұның алдында ол Metallica тобының әніне кавер жазған еді. Алматылықтың Youtube хостингіне жүктелген видеосы бірнеше күннің ішінде 40 000 рет қаралды.

 "Бұл мәдениетіміздің дамуы ғой. Кейбір ресейліктердің Желіде қазақ домбырасын славян домрасымен шатастырғаны қызық болды. Тыңдаған соң олар осындай ерекше әрі даусы жақсы домбыраның бар екенін білді", - деді музыкант.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама