Алматылық баланың өнері Меладзені тамсандырды

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадр

Алматылық 9 жастағы Жан Маким ресейлік "Голос. Дети" тележобасына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның өнер көрсеткендегі сәті жобаның ресми Youtube-тегі арнасында жарияланды.

Алматылық 9 жастағы Жан Маким ресейлік "Голос. Дети" тележобасына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның өнер көрсеткендегі сәті жобаның ресми Youtube-тегі арнасында жарияланды.

Жас талант иесі Стиви Уандердің Sir Duke әнін орындады. Баланың өнері қазылар алқасына, әсіресе Валерий Меладзеге ұнады, ол көп ұзамай қызыл батырманы басты.

Реклама
Реклама

"Бұл ду қол шапалақты тоқтатуға тура келді, өйткені ол әлі ұзаққа созылар еді", - деді Меладзе Жан Маким әнін аяқтаған соң. 

Ал Пелагея мен Светлана Лобода осындай күрделі композициядағы ноталарға дөп, таза түсу оңай емес екенін атап өтті. Пелагея тіпті оны өзі жеткізе аларына күмән келтірді. 

Сондай-ақ, Жан Маким jazz және pop бағыттарын сүйетінін айтты. 

Еске салсақ, бірнеше апта бұрын ресейлік тележобада оралдық Ержан Максим қазылар алқасын өнерімен тәнті еткен.

Енді екі қазақстандық та Валерий Меладзенің тобында жобаны жалғастырады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама