Алматылық жас әншілер халықаралық байқауда бас жүлде мен 1-орынды иеленді

Алматылық жас әншілер халықаралық байқауда бас жүлде мен 1-орынды иеленді

Алматылық студенттер Бексұлтан Кенішқалиев пен Дарья Болсанбек Литвада өткен "Паланга-2019" XV халықаралық ән байқауынан жүлделі оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматылық студенттер Бексұлтан Кенішқалиев пен Дарья Болсанбек Литвада өткен "Паланга-2019" XV халықаралық ән байқауынан жүлделі оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жас әншілер Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында тәлім алады. Кенішқалиев "Эстрада вокалы" мамандығында, Болсанбек "Музыкалық театр өнері" факультетінде оқиды. 

Академия ректоры Асхат Маемировтің айтуынша, байқауға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Израиль, Латвия, Азербайжан, Литва, Беларусь және Армения және басқа да елдердің әртістері қатысқан.

Жарнама
Жарнама

Кенішқалиев байқаудың бас жүлдесін жеңіп алса, Болсанбек 1-орын еншілеген. 

"Екі әнші де Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен халықаралық байқауда Қазақстанның намысын қорғап жүр. Министрлік жас таланттарды қолдап, ел өнерін халықаралық аренаға шығарады. Осы жеңіске қуаныштымыз - жас таланттарымыз өсіп келеді", - деді Асхат Меміров. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама