Андрей Малахов Димаш Құдайбергеннен неге кешірім сұрады?

Андрей Малахов Димаш Құдайбергеннен неге кешірім сұрады? © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Андрей Малахов ресейлік "Привет, Андрей!" шоуының қонағы болған Димаш Құдайбергеновтен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Андрей Малахов ресейлік "Привет, Андрей!" шоуының қонағы болған Димаш Құдайбергеновтен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы бағдарламаның YouТube арнасында айтылды. 

Бағдарлама жүргізушісі қазақстандық әншіні "жаңа секс-символ өкілі" деп айтқаны үшін кешірім сұраған. 

Жарнама
Жарнама

"Менің Instagram парақшам "жарылып кетті". Маған "Қалай сіз оны олай атадыңыз, ол - ұлттық мақтанышымыз, қайдағы секс-символ? Ол сіздерде, Ресейде солай..." деді. Сені (солай айтқаныма) кешірім сұраймын", - деді тележүргізуші. 

Бағдарлама барысында Димаш Қазақстанда Славян базары байқауының арқасында, ал әлемдік деңгейде I'm singer жобасының арқасында танымалдығы артқанын айтқан. Жеке өмірі туралы сұраққа жауап бермейтінін мәлімдеген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама