11 қазан 2019 16:54

Әнші Наzима ауруханаға түсті

Камила Долаева Журналист
© instagram.com/13nazima

Black Star лейблының әншісі Назима Жәнібекова (Назима) ауруханаға түсіп, Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін концерттерін басқа күндерге ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Black Star лейблының әншісі Назима Жәнібекова (Назима) ауруханаға түсіп, Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін концерттерін басқа күндерге ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерден неге жоғалып кеткенімді түсіндіргім келеді. Мені ауруханаға жатқызды, сондықтан Алматы мен Нұр-Сұлтандағы концерттерім 18 қазан мен 19 қазанға ауысты. Сондықтан мені түсінулеріңізді сұраймын. Сіздермен міндетті түрде кездесеміз...", - деді әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Ол ауруханада кем дегенде 5 күн жататынын атап өтті.

"Кеше достарым ауруханаға көтеріп апарды, өйткені жүруге шамам болмады", - деді Назима.

Еске салсақ, 18 қыркүйекте Наzима алғаш рет "Отпускаю" әніне жеке клип шығарды.

Назима Жәнібекова, Наzима лақап атымен танымал, хип-хоп жанрында өнер көрсететін қазақстандық әнші. Ол ТНТ телеарнасындағы "Песни" жобасынан кейін танымалдыққа ие болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram