22 наурыз 2018 17:02

Әнші Витас үйінің маңында тапаншадан оқ жаудырған: Полиция 45 гильза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Витас. © РИА Новости/Андрей Александров Әнші Витас. © РИА Новости/Андрей Александров

Ресейлік танымал әнші Витас "Флоранс" коттедждер қалашығындағы үйіне жақын маңда оқ жаудырған, деп хабарлады life.ru ақпараттық порталы.


Ресейлік танымал әнші Витас "Флоранс" коттедждер қалашығындағы үйіне жақын маңда оқ жаудырған, деп хабарлады life.ru ақпараттық порталы.

Порталдың мәліметтері бойынша, Рублевкадағы үйінің маңында әнші Витас (Виталий Грачёв) 45 рет оқ атқан. Полиция қызметкерлері сол жерден осынша гильзаны тапты. Сонымен қатар, төрт патрон мен сигналдық тапанша алынды.

"Барвихинское полиция бөліміндегілердің айтуынша, сағат 10.00 мен 15.00 аралығында ол (Виталий Грачёв. - Авт.) сигналдық танапшадан оқ жаудырған, сөйтіп қоғамға қауіп төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, әнші полиция бөліміне жеткізіліп, оған 5500 рубль көлемінде айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети