Әнші Юрий Антонов жансақтау бөліміне түсті

Әнші Юрий Антонов жансақтау бөліміне түсті Юрий Антонов. © РИА Новости

Әнші әрі композитор Юрий Антонов жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ол 10-шы жансақтау бөлімшесінде", - деп хабарлады агенттікке ауруханадағылар. Әнші инфаркт болды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.

Lifenews басылымының мәліметінше, Антонов Мәскеудегі Пирогов атындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. 70 жастағы әртіс өзін нашар сезінген. Ол кеудесінің ауырғанын айтыпты. Алайда ол жедел жәрдемді өз шақырған.

Жарнама
Жарнама

Юрий Антонов - композитор, әнші, ақын, Ресейдің халық әртісі. Ол "От печали до радости", "Крыша дома твоего", "Море", "Двадцать лет спустя", "Летящей походкой", "На улице Каштановой" сияқты халықтық әндердің авторы әрі орындаушысы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама