ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қаңтар 2018 19:05
Ақтөбедегі ХҚКО-да Димаш Құдайбергенге құрмет көрсетілді
?аза?станды? ?нші Димаш ??дайбергенді А?т?бедегі Х?КО-да?ылар г?лмен ?арсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Азаматтар?а арнал?ан ?кімет" мемлекеттік корпорациясыны? ?о?аммен байланыс департаментіні? директоры М?рат Ж?манбай суреттерді Facebook желісінде жариялады.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Ақтөбедегі ХҚКО-дағылар гүлмен қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай суреттерді Facebook желісінде жариялады.
"Бүгін Ақтөбедегі №1 ХҚКО-дағы қызу жұмыс күнінің ырғағын әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайберген бұзды. Орталыққа келушілер мен қызметкерлер қолтаңба алып, атақты жерлестерімен естелік суреттерге түсті", - деп жазды Жұманбай.
Оның хабарлауынша, Димаш ХҚКО-ға шетелге шығу төлқұжатын рәсімдеу үшін барған.
© Мұрат Жұманбай
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Фучжоу қаласында өткізген жеке концертінен кейін елге оралғаны хабарланған болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу