15 тамыз 2017 | 14:59

Астанада Arash, Лепс және Қайрат Нұртас өнер көрсетеді

Астанада алғаш рет қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табыстау рәсімі өтеді. Бірінші жыл сайынғы "Астана дауысы" халықаралық фестиваліне Еуропа мен Азияның 15 мемлекетінен үздік артистер қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада алғаш рет қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табыстау рәсімі өтеді. Бірінші жыл сайынғы "Астана дауысы" халықаралық фестиваліне Еуропа мен Азияның 15 мемлекетінен үздік артистер қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Тұңғыш фестивальде Франция, Нидерланды, Швеция, Болгария, Румыния, Албания, Молдова, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Иран, Грузия және Қазақстандағы музыкалық хит-шерулердің абсолюттік көшбасшылары өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама

Халық сүйіп тыңдайтын танымал әрі талантты, ғажайып энергия иелері мен миллиондаған табынушылары бар орындаушылар "Астана дауысы" фестивалінде бақтарын сынамақ. Қазақстанның елордасында сахна төрінде муызка индустриясына үрдіс беретін артистер - Григорий Лепс, Светлана Лобода, Бьянка, Вилли Уильямс, Ильяс Ялчинташ, Arash, DJ Sava, Ева Симонс және басқалары өз шеберлігін ортаға салады. Қазақстанның атынан фестивальге танымал әнші Қайрат Нұртас қатысады.

Концертте кеңінен танымал музыканың үздік композициялары орындалады. Айта кетейік, аталған артистер радиостанциялар мен музыкалық арналарда рейтингтерде топ жарып, iTunes және Shazam қосымшаларында көш бастап отыр.

Үлкен концерт 27 тамызда "Қазақстан" ОКЗ өтеді. "Астана Дауысы" фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарына жанды дауыспен орындалған жылдың үздік композицияларын тыңдауға мүмкіндік береді.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная