05 маусым 2015 22:04

Астанада Муз-ТВ жүлдесі келеңсіз жағдайдан басталды

Астанада Муз-ТВ жүлдесі келеңсіз жағдайдан басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада жауып кеткен жаңбырдан кейін трансляция үзіліп қалды.

Қызыл кілеммен салтанатты түрде жүріп өту шарасы 18.30-да басталды. Оған қазақстандық және ресейлік эстраданың әртістері қатысты. 21.00-ге таман жел тұрып, қызыл кілемде орнатылған безендірудің бір бөлігі құлады. Кейбір құралма заттар қонақтардың үстіне құлады. Мәселен, Никита Пресняков зардап шекті. Ол селфи жасағысы келген кезде үстіне безендірулер құлады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram