"Балалар Евровидениесі": Данэлия Төлешоваға қалай дауыс беруге болады

© junioreurovision.tv

Бүгін, 19 қарашада, Минскіде Junior Eurovision-2018 ән байқауының ашылу салтанаты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы күні 20 елден келген байқауға қатысушылардың қай кезекпен өнер көрсететінін анықтау үшін жеребе тасталады. 

Бүгін, 19 қарашада, Минскіде Junior Eurovision-2018 ән байқауының ашылу салтанаты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы күні 20 елден келген байқауға қатысушылардың қай кезекпен өнер көрсететінін анықтау үшін жеребе тасталады. 

"Хабар" телеарнасы Астана уақыты бойынша 23:00-де ашылу салтанатын көрсетуді бастайды. 

Junior Eurovision байқауында Қазақстанның намысын Данэлия Төлешова қорғайды. Ол қазақ және ағылшын тілінде жазылған "Өзіңе сен" әнін орындайды. 

Реклама
Реклама

Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауы - "Евровидения" байқауының аналогы, алайда онда 9-14 жас аралығындағы балалар өнер көрсетеді. 

25 қарашада гранд-финал өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де тікелей трансляция басталады. 

Байқаудың ережесіне сай, қатысушыларға қазылар алқасы (3 ересек және 2 бала) мен көрермендер дауыс бере алады. 

Дауыс беру, оның ішінде қазақстандық көрермендер үшін 23 қарашада junioreurovision.tv сайытнда ашылып, 25 қарашаға дейін жалғасады. Көрермендерге 5 елдің қатысушысына дауыс беруге мүмкіндік берілген. Дауыс берудің нәтижесі гранд-финал кезінде жарияланады. 

Junior Eurovision байқауында көп дауыс жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама