ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 сәуір 2016 09:40
Беларусь әншісі "Евровидение" кешіне тірі қасқырды алып келді
"Евровидение-2016" байқауына Беларусь елінің атынан қатысатын 22 жастағы әнші Александр Иванов (IVAN) конкурсқа арналған кешке тірі қасқырмен келді, - деп хабарлайды LifeNews.
Басылымның мәліметінше, Мәскеудегі қызыл кілеммен жүрген Александрға қасқырды ұстап жүруге жануарларды қолға үйретуші адам көмектескен. Қасқырды олар әрең сүйреп жүрді.
Айта кетейік, Стокгольмде өтетін "Евровидение-2016" байқауында IVAN Виктор Дробыштың конкурсқа арнайы жазған How to Fly әнін орындайды. Болжам бойынша, Александр көрермендер алдына тыр жалаңаш шығып, қасқырмен бірге өнер көрсетеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу