18 ақпан 2021 | 09:31

Беларусь "Евровидениеге" қатысу құқынан айырылуы мүмкін - БАҚ

© Shutterstock

Еуропарламенттің швед депутаты Карин Карлсбро Еуропалық хабар тарату одағына Беларусьті "Евровидение" халықаралық музыкалық байқауына қатысу құқынан айыру туралы талаппен хат дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропарламенттің швед депутаты Карин Карлсбро Еуропалық хабар тарату одағына Беларусьті "Евровидение" халықаралық музыкалық байқауына қатысу құқынан айыру туралы талаппен хат дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Eurovoix порталының хабарына қарағанда, Карлсбро либерал партиясының депутаты, Еуропарламент делегациясы төрағасының орынбасары хатты Еуропалық хабар тарату одағына ЕП депутаттарының қолы қойылған құжатты қоса жолдауға ниетті. 

Бұған дейін Беларусь оппозициясының жетекшісі, президенттікке экс-үміткер Светлана Тихановская ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері деңгейінде республиканың ең ірі мемлекеттік медиа-холдингі "Белтелерадиокомпаниясын" Еуропалық хабар тарату одағынан шығару туралы мәселені көтергісі келетінін мәлімдеген еді. Өз кезегінде, билікті сынға алған мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсететін Беларусь мәдени ынтымақтастық қоры "Белтелерадиокомпанияны" Еуропалық хабар тарату одағынан шығару бағдарламасын іске қосып жатқанын хабарлаған. Ал медиа-холдинг "Евровидение" ән байқауын ұйымдастырады.

Реклама
Реклама

"Белтелерадиокомпания" Eurovision ұлттық іріктеу жобасын және ән байқауын елдегі Еуропалық хабар тарату одағының жалғыз өкілі ретінде ұйымдастырады. Медиа-холдинг Беларусьтегі президент сайлауынан кейін оппозиция сынына ұшыраған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная