Бибігүл Төлегенованың батасы мені жеңіске жетеледі - Димаш Құдайберген

© News.vitebsk.cc

"Славян базары - 2015" байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованың батасының жеңіске жетелегенін айтты, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық әнші конкурс тыңдармандарын қазақ әнімен баурап алғанын мәлімдеді. "Олар қазақтың әндерінің осыншалықты әсем екеніне таңғалды. Осы конкурстың арқасында қазақ әнінің әлемдік сахнада шырқалғаны үшін мен қатты қуаныштымын. Қазір ағылшын тіліндегі әндермен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Қазақ әні оларға қатты ұнады. Себебі біздің әндеріміз ғажайып", - деді ол.

Әншінің айтуынша, ол әлемдік жұлдыздардан Дмитрий Маликовпен, ал қазақ жұлдыздарынан Бибігүл Төлегеновамен бірге ән шырқағысы келеді. "Бибігүл Төлегенова мен кетердің алдында болған үлкен концерттердің бірінде маған батасын берді. Оның сөздері менің жеңіске жетуіме көмектесті", - деді Димаш.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов 11-13 шілде аралығында өткен "Славян базары-2015" конкурсында Гран-при иеленген болатын. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алған 24 жылда осы жобаның бас жүлдесін иеленген қазақстандық алғашқы әнші болды. Димаш конкурстың бірінші күнінде Константин Меладзенің "Опять метель" әнін, екінші күні француздың Sos dun terien un detresse әнін орындады.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама