04 қараша 2019 11:09

Билли Айлиштің әні MTV EMA тұжырымы бойынша үздік атанды

Танымал әншілер Билли Айлиш, Тейлор Свифт және Шон Мендес MTV Europe Music Awards салтанатты рәсімінде басты сыйлықтарды алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әншілер Билли Айлиш, Тейлор Свифт және Шон Мендес MTV Europe Music Awards салтанатты рәсімінде басты сыйлықтарды алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалық әнші Билли Айлиш екі номинация бойынша жеңімпаз атанды: үздік "жаңа" орындаушы және үздік ән (Bad Guy).

Реклама
Реклама

Bad Guy әнінен түсірілген бейнебаян YouTube желісінде 617 миллион рет қаралған. 

Канадалық орындаушы Шон Мендес "Үздік ән" номинациясында жеңіліп, 2019 жылдың "Үздік әртісі" атанды. Америкалық кантри-орындаушы Тейлор Свифт ME! әніне түсірілген бейнебаяны үшін "Үздік видео" атағын жеңді. 

Биыл беделді сыйлықты тапсыру рәсімі испандық Севильеде өтті. Ең үздік поп-әнші америкалық Холзи деп танылды, жанкүйерлердің ең үлкен армиясы үшін марапатты BTS оңтүстік кореялық тобы алды, ал хип-хоп жанрындағы үздік орындаушы - Никки Минаж болды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram