Bon Jovi тобының мүшесі қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Bon Jovi тобының мүшесі қайтыс болды © Twitter

Bon Jovi тобының негізін қалағандардың бірі және бас гитарада ойнайтын Алек Джон Суч қайтыс болды. Музыкант 70 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды TMZ сайты.

Bon Jovi тобының негізін қалағандардың бірі және бас гитарада ойнайтын Алек Джон Суч қайтыс болды. Музыкант 70 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды TMZ сайты.

Қайғылы хабарды топтың баспасөз қызметі хабарлаған.

"Қымбатты досымыз Алек Джон Сучтың қайтыс болғаны туралы хабар бізді қатты күйзелтті. Ол әрқашан біздің топтың ажырамас бөлігі болды. Біз оны сағынамыз", - деп жазды Twitter-де.

Жарнама
Жарнама

Bon Jovi - 1983 жылы құрылған Нью-Джерсиден келген америкалық рок-топ. Алек Джон Суч осы топта 11 жыл өнер көрсеткен. Ол Livin 'On a Prayer, You Give Love a Bad Name, Wanted Dead or Alive, Bad Medicine және Keep the Faith сияқты хиттерге үлес қосқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама