"Бүгін барлығы 100 пайыз болады". Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" байқауының финалы туралы
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі-2018" финалына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші қыз Instagram парақшасындағы жазылушыларына арнап видео жариялады.
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі-2018" финалына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші қыз Instagram парақшасындағы жазылушыларына арнап видео жариялады.
"Бүгін барлығы шешіледі. Кезекті белесті бағындыра алар ма екенмін? Әсіресе бүгін сіздердің қолдауларыңызға үміт артамын, себебі енді әлемнің кез келген бұрышынан қолдау көрсетуге болады", - деп жазды қыз Instagram парақшасында.
Публикация от Daneliya(@tuleshova_daneliya) 25 Ноя 2018 в 12:52 PST
"Біз қазір Наташенькамен бірге (Наталья Чуракова - вокал бойынша ұстазы - Авт.) әндетеміз. Бүгін барлығы 100 пайыз болады және сіз кімге дауыс берсеңіз ,сол жеңеді", - деді Данэлия.
Айта кетейік, дауыс беру Астана уақыты бойынша 24 қарашаға қараған түні сағат 01.00-де ашылды және 25 қарашаға дейін жалғасады. 25 қарашада барлық қатысушы өнер көрсетіп болғаннан кейін дауыс беру 15 минутқа қайта ашылады.
Дауыс беру үшін vote.junioreurovision.tv сайтына кіріп, қатысушылардың өнер көрсетуінің қысқартылған видеосын көру керек. Осыдан кейін ғана дауыс беру парақшасы ашылады, 3-5 ұнаған қатысушыны таңдап, парақшаның төменгі жағындағы SUBMIT YOUR VOTES деген батырманы басу керек. Одан әрі сізге математикалық жеңіл есеп беріліп, жолаққа шешімін жазу ұсынылады және осыдан кейін ғана дауысыңыз қабылданады.
Публикация от Daneliya (@tuleshova_daneliya) 23 Ноя 2018 в 11:51 PST
"Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауының гранд-финалы Минскіде 25 қарашада өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де тікелей трансляция басталады, оны "Хабар 24" телеарнасы көрсетеді.
12 жастағы Данэлия Төлешова сахнаға үшінші болып шығады, оның алдында шығатындар - Украина мен Португалия әншілері. Ол "Өзіңе сен" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындайды.
Қазақстан бұл байқауға тұңғыш рет қатысқалы отыр. Беларусь БАҚ мәліметтері бойынша, 12 жастағы Данэлия Төлешова ең мықты қатысушылардың бірі болып есептеледі. Ол 2015 жылы "Новая Волна" байқауына қатысып, осыдан кейін "Голос. Дети" шоуында жеңіске жетті.