ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2018 | 08:38
"Біз үздік үштікте болуымыз керек еді" - продюсер Данэлия Төлешованың өнері туралы
Eurovision байқауының Қазақстандағы бас продюсері Жан Мұқанов "Балалар Евровидениесіндегі" Данэлия Төлешованың көрсеткен өнеріне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Eurovision байқауының Қазақстандағы бас продюсері Жан Мұқанов "Балалар Евровидениесіндегі" Данэлия Төлешованың көрсеткен өнеріне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Факт факт болып қалады: Қазақстан өнерлі жұлдызымыз Данэлияның атымен "Балалар Евровидениесі" әлемдік сахнасына алғаш рет шықты. Бұл - тарих. Шын жүректен барлық қазақстандыққа алғыс айтамын. Сіздер берген дауыстардың, Дана мен елге деген махаббаттың арқасында біз үздік жетіліктің қатарына кірдік. Бірақ менің ойымша, біз үздік үштікте болуымыз керек еді. Мұнда саясаттың ойыны бар ма, білмеймін, бірақ балалардың өнеріне ойнап қарамаған шығар. Себебі олай болмайды", - деп жазған Мұқанов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар бас продюсер Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне, министр Дәурен Абаевқа және "Хабар" агенттігіне қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. "Данэлияның анасы мен педагогы Елена мен Натальяға жұлдызымыздың дамуына зор үлес қосқандары үшін, шығармашылыққа деген сүйіспеншілік пен Данэлияны барынша қолдағандары үшін рахмет! Аружан Хафизге және оның анасына рахмет! Еліміз таланттарға толы... Мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды, қолымнан келгеннің бәрін жасадым", - деп қосты ол.
Еске сала кетейік, Данэлия Төлешова Минскіде өткен "Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауында алтыншы орынға ие болды. Қазақстандық әнші 171 балл жинады. Айта кетейік, онлайн дауыс беру бойынша Данэлия үшінші орынға ие болды.
Байқаудың жеңімпазы - Польша әншісі Роксана Венгиель (215 балл).
Показать комментарии
Читайте также