Данэлия Төлешова Францияның атақты әншісімен дуэт айтты

© Aurora Lifestyle PR Agency

?аза?станды? жас ?нші Данэлия Т?лешова "BraVo" к?сіби музыкалы? ж?лдесіні? м?сіншесіне ие болды, оны франциялы? ?нші Изабель Жеффруа табыс етті, ол Zaz деген ла?ап атпен таныл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "BraVo" кәсіби музыкалық жүлдесінің мүсіншесіне ие болды, оны франциялық әнші Изабель Жеффруа табыс етті, ол Zaz деген лақап атпен танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыздың пиар-агенттігіндегілердің айтуынша, Төлешова танымал әндер бойынша бірінші рет өткен "BraVo" халықаралық кәсіби музыкалық жүлдесінің "Болашаққа көзқарас" аталымында жеңіске жеткен. Марапаттау салтанаты кеше Кремльде өтті. Аты аңызға айналған Род Стюарт (Rod Steward), "Грэмми" жүлдесінің бірнеше мәрте иегері атанған Сил (Seal), "Europe" тобы және әнші Zaz гала-концерттің құрметті қонақтары болды.

Данэлия жүлдесін Zaz қолынан алды. Ол франциялық әншімен қосылып "Je veux" хитін орындады. 

Реклама
Реклама

© Aurora Lifestyle PR Agency

Гала-концертте соңғы болып орындалған композиция да Төлешованыкі, "Другие" әні шырқалғанда жаппай флеш-моб өтті. 

Кейін жас әнші жүлдеге ие болғаннан кейінгі сезімі туралы айтып берді.

© Aurora Lifestyle PR Agency

Еске сала кетейік, Данэлия Төлешова украиналық "Голос. Дiти" шоуының жеңімпазы атанған болатын. Ол суперфиналда "Не твоя війна" әнін орындады, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алды. 

Бұған дейін Төлешова TengrinewsTV-ға сұхбат беріп, жеңісі жайлы, өзі жайлы әңгімелеп берген еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама