Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биылғы America's Got Talent шоуының жеңімпазы Брендон Лейк болды. Ол бір миллион доллар жеңіп алды.
Дауыс беру қорытындысы шоудың ресми парақшасында жарияланды.
Брендон Лейктің шоудағы өнерлерінің бірі.
Еске салайық, қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсеткен.
Шоудың 15-маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың You Tube каналында және Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
Төлешова австралиялық Сианың Alive әніне кавер орындады.
"Бұл күрделі композиция, бірақ уақыт аз болса да, соны таңдадық. Қолдау көрсетіп, жазып жатқандарға рақмет, бұл - өте маңызды", - деді Данэлия Төлешова.
Финалға 10 әртіс қатысты, оның алтауы - түрлі жастағы әншілер.
Еске салайық, шоудың өткен кезеңінде Данэлия Төлешова тәулік ішінде көрермендер көп дауыс берген фавориттердің қатарында болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!