Минскіде өтетін "Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауына қатысатын қазақстандық әнші Данэлия Төлешова Instagram парақшасында орыс және ағылшын тілінде тыңдармандарына үндеу жасады.
Онлайн-дауыс беру басталардың алдында ол бүкіл әлемдегі тыңдармандарына үндеу жасап, өзі орындайтын "Өзіңе сен" композициясына дауыс беруді өтінді.
A post shared by ????Daneliya???? (@tuleshova_daneliya) on Nov 22, 2018 at 9:12am PST
Айта кетейік, дауыс беру үшін vote.junioreurovision.tv сайтына кіріп, қатысушылардың өнер көрсетуінің қысқартылған видеосын көру керек. Осыдан кейін ғана дауыс беру парақшасы ашылады, 3-5 ұнаған қатысушыны таңдап, парақшаның төменгі жағындағы SUBMIT YOUR VOTES деген батырманы басу керек. Одан әрі сізге математикалық жеңіл есеп беріліп, жолаққа шешімін жазу ұсынылады және осыдан кейін ғана дауысыңыз қабылданады.
A post shared by ????Daneliya???? (@tuleshova_daneliya) on Nov 23, 2018 at 1:19pm PST
Дауыс беру Астана уақыты бойынша 24 қарашаға қараған түні сағат 01.00-де ашылды және 25 қарашаға дейін жалғасады. 25 қарашада барлық қатысушы өнер көрсетіп болғаннан кейін дауыс беру 15 минутқа қайта ашылады.
"Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауының гранд-финалы Минскіде 25 қарашада өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де тікелей трансляция басталады, оны "Хабар" телеарнасы көрсетеді.
12 жастағы Данэлия Төлешова сахнаға үшінші болып шығады, оның алдында шығатындар - Украина мен Португалия әншілері. Ол "Өзіңе сен" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындайды.