Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның ән кешіне атысады

Димаш Құдайберген. Фото ©Никита Басов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде ресейлік Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

"Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше", - деп жазды Димаш. 

Пугачеваның мерейтойына арналған "Подарок для Аллы" концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді. 

Реклама
Реклама

Концертте Құдайбергеннен бөлек, Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев және басқа да ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеште Алла Пугачева мен Максим Галкин жүргізуші болады.

Айта кетейік, Пугачева 15 сәуірде 70 жасқа толады. Оның репертуарында 500-ден аса ән бар. 

Естеріңізге салсақ, Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі концерттері аншлаг жинаған болатын. БАҚ ақпараттары бойынша, әншінің концертіне әлемнің 50-ден аса елінен жанкүйерлер келген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама