Димаш Құдайберген Нью-Йоркте өтетін жеке концертіне билеттер қашан сатыла бастайтынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Димаштың Нью-Йорктегі жеке концерті 10 желтоқсанда Barclays center аренасында өтеді.
Карта ұстаушылар және орындаушының фан-клубының қатысушылары билетті сатылым алдындағы кезеңде Солтүстік Америка шығыс уақыты бойынша 10 қыркүйек сағат 10.00-ден 12 қыркүйек сағат 10-ға дейін сатып ала алады.
Ал көпшілікке билет сатылымы 13 қыркүйекте сағат 10.00-де басталады.