Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алдағы жеке концертімді Астана күні мерекесін тойлауға сый ретінде Қазақстан халқына арнағым келеді. Мен мұны бұрыннан жоспарлап жүргенмін, енді міне мүмкіндік туды", - деді Димаш Құдайберген ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, концерт төрт-бес бөліктен тұрады. Бағдарламада қазақтың халық әндері, танымал композиторлардың шығармалары, сондай-ақ Димаштың авторлық туындылары да бар. Концерт "Астана Аренада" өтеді. 2017 жылы Димаштың Қазақстан астанасында өткен концертіне 30 мыңға жуық адам келген еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, наурызда әнші Кремльде жеке концертін береді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама