Димаш Құдайберген бейнебаян түсіру үшін Испанияға аттанды

Дина Муратова Редактор
© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Испанияға "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсіру үшін аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтемесіне жасап.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Испанияға "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсіру үшін аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтемесіне жасап.

"Испанияға ұшып бара жатырмын, "Любовь уставших лебедей" бейнебаянын түсіру үшін", - деп жазды Димаш Құдайберген парақшасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Любовь уставших лебедей" әнінің авторы - композитор Игорь Крутой. Ол қазақстандық әншінің Ресейде жетістікке жететінін болжаған. Димаш Құдайберген композитормен бірге бірнеше рет ән шырқаған. Бұл әнді бірінші болып канадалық әнші Лара Фабиан айтқан.

"Игорь Крутойдың шақыруын қуанышпен қарсы аламын, бұл мен үшін құрмет. Сіздер "Песня года" концертін ауқымды екенін білесіздер, ол Олимпийскийде өтеді. Оған қоса Игорь Крутойдың сүйемелдеуінде ән шырқау деген... Мен ол концертке қатысуды ұйғардым", - деді Димаш Құдайберген.

Қазіргі уақытта әнші The World's Best шоуында ( CBS телеарнасында өтетін байқау) төрешілерді ән шырқауымен таңғалдырған. Әнші 100-ден 98 ұпай жинады. Наурызда әнші Кремльде концерт өткізеді. Ал жазда ол Астана қаласының тұрғындарының алдында ән шырқайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама