Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады

Димаш ??дайберген ерте? ?аза?стан?а оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?Р м?дениет ж?не спорт министрі Арыстанбек М?хамеди?лы Facebook желісінде хабарлады.

Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісінде хабарлады.

"Достарым, ертең Астанада Орталық концерт залында 18:30-да Қытайдағы I am a singer байқауынан үлкен жеңіспен отанына оралған Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетеміз. Кіру тегін, барлығыңызды осы шараға шақырамын. Келіңіздер, достар, Димашты қарсы алайық!", - деп жазды министр.

Реклама
Реклама

Ал әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, әнші елде біраз уақыт болады. "Алдағы шетелдік жұмыстар алдында сәл-пәл демалып аламыз ба деп жатырмыз", - деп хабарлады әншінің өкілі.

Айта кетейік, әнші Қытайдағы I Am a Singer музыкалық байқауында екінші орын алған болатын. Сонымен қатар, ол үш бірдей музыкалық жүлде иеленді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама