Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетті - ВИДЕО

Димаш ??дайберген I am a Singer бай?ауыны? бесінші кезе?інде ?нер к?рсетті, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындады.  

Бұған дейін Димаш Құдайбергенов аталған турда бесінші орын алды деген ақпарат тараған болатын.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің өзіне жат стильдегі әнді орындайтыны хабарланған болатын. "Осы аптада Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен - бірақ тапсырманы 100 пайыз орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін! Сенбі күні 20:05-те (Астана уақытымен). Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмаңыздар!", - деп жазған еді жас әнші өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын алған еді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазған еді әншінің өкілі. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындаған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама