Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының келесі кезеңінде ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен ән салады

?Р М?дениет ж?не спорт министрі Арыстанбек М?хамеди?лы Димаш ??дайбергенні? ?ытайда ?тіп жат?ан I am a Singer бай?ауыны? келесі кезе?інде ?алай ?нер к?рсететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауының келесі кезеңінде қалай өнер көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, жақсы жаңалық! Димаш Құдайберген Қытайдағы I am a Singer байқауында Қазақ ұлттық өнер университеті ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен халық әні - "Дайдидау" әнін орындайды. ҚР Мәдениет және спорт министрінің бастамасымен ҚР ұлттық аспаптар ансамблі қазіргі уақытта Қытайда байқауға дайындалып жатыр", - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында.

"Димаштың курстастарының Қытайға тек қуана барғанын айтып өткім келеді және бұл жолы Димаш бірегей ән орындайды. Балалар сахнаға арнайы тігілген ұлттық киімдерде шығады", - деді министр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің халықаралық "Славян базары" байқауына қатысқанда осы "Дайдидау" әнімен бас жүлдені жеңіп алғанын айтып өтті.

"Достар, студенттерімізге I Am a Singer байқауында сәттілік тілейік! Димашқа өз атымнан жеңіс тілеймін!", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, өткен сенбіде, 18 ақпанда Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындады. Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама