Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте Игорь Крутойдың мерейтойлық шоуында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таяуда Игорь Крутой Instagram желісіндегі парақшасында осы концерт туралы жазған. Димаш Нью-Йоркке бірнеше күн бұрын ұшып келген еді.
Бруклиндегі Barclays Center сахнасындағы концерт Нью-Йорк уақытымен 26 қазанда 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 27 қазан 06:00-де) басталды, онда қазақстандық және ресейлік көрермендер басталуын асыға күткен.
Шоу кезінде Филипп Киркоров, Ирина Аллегрова, "А-Студио" тобы, Николай Басков және көптеген танымал әншілер болғанына қарамастан, басты фигурант Димаш Құдайберген болды. Игорь Крутой Димаш шығатын кезде қазақстандық әншіні әлемнің халық әртісі деп атады.
Көрермендер Димаштың орындауынан алған әсерін Желіде жазып жатыр.
"Димаш тағы да мерекенің сәнін келтірді. Жарық жұлдызды асыға күтеміз!", - деп жазды Элеонора Ли есімді пікір қалдырушы.
"Біз әлі ұйықтамадық, Димаштың ән салғанын күтіп отырмыз", - деп жазды Сәуле Асқарова.
"Димашсыз бір күнде өмір сүре алмаймын. Әсіресе жұмыстан шаршап келген уақытта. Барлық шаршағаным, барлық негатив ғайып болады. Ол күн секілді, қаншама жылу бөліп тұр", - деп жазды Вера Марченко.
10 желтоқсанда қазақстандық әнші Бруклиндегі осы сахнада жеке концертін береді.