Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір мәрте жылдың ең танымал әншісі атанды

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір мәрте жылдың ең танымал әншісі атанды © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Top global Chinese music awards байқауында "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"CCTV телеарнасы жыл сайынғы "Top global Chinese music awards" атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі осы кеште мен "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясы бойынша осымен екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайда Global Golden Chart Awards байқауында үздік әртіс атанған болатын. Өткен жылдың соңында ол IQIYI awards нұсқасы бойынша Қытайдағы жыл әншісі деп танылды. Оған дейін Гонконгта жыл әншісі атанған болатын. Сонымен қатар, ол MTV Music Awards және Asian Music GaLa сыйлықтарына ие болды.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама