ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 қаңтар 2018 13:19
Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір сыйлықты жеңіп алды
Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір сыйлықты жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстандық әншінің айтуынша, Global Golden Chart Awards марапатында ол үздік әртіс деп танылған. Әнші бұл жөнінде Instagram парақшасында жазды.
"Global Golden chart Awards марапатында "Үздік əртіс"аталымы бойынша жеңіске жеттім. Бүгін белгілі себептермен өнер көрсетпесем де алдағы уақытта əдемі əндерімді сіздер үшін шырқайтын боламын. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет! Dears I love you", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Айта кетейік, өткен жылдың аяғында Димаш Құдайберген IQIYI awards нұсқасы бойынша Қытайда жыл әншісі атанды. Оған дейін Гонконгта жыл әншісі болды. Сонымен қатар, MTV Music Awards және Asian Music GaLa сыйлықтарын иеленді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу