Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді

Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді © instagram/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші телеарнасы"

Әншіге қатысты тапсырмалар 10-сыныптың қазақ тілі пәні оқулығының беттерінде пайда болған. Мұғалімдердің сөзінше, бұл ақпарат оларды қуантып тастаған. 

"Өте қатты қуандық, себебі заманауи адам ретінде мысал таба алмайтынбыз. Димаш - біздің оқушыларымыз, өсіп келе жатқан ұрпақ үлгі тұтатын адам", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытай оқулықтарына енгені хабарланған. Сонымен қатар оның құрметіне тікұшақ атауы қойылған. Ал Ақтөбеде "Димаш бақшасын" құрса, Алматыда әншінің құрметіне жаңа шай өнімі шыққан. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама