Димаш Құдайбергенді Қытайға барғанға дейін де қолдап жүрдік - Айқын Төлепберген

© Instagram

?нші Ай?ын Т?лепберген ?аза?станды?тар Димаш ??дайбергенге ?ытай?а бар?ан?а дейін ?олдау к?рсетпеді деген с?здерге ?атысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтар Димаш Құдайбергенге Қытайға барғанға дейін қолдау көрсетпеді деген сөздерге қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өз ойын Айқын Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Сіздер (өнер адамдары) Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар, байқамадыңыздар" деген әңгімеге айтарым.Димашты өзім 2014-н бері танимын. Инста парақшамды сенбесеңіздер қарап шығыңыздар. Және әрқашанда қолдап, өнеріне тәнті болып жүрдік. Өнердегі барлық аға-әпкелері де дәл солай. Әсіресе қолдау көрсеткен Мәдениет және Спорт министрлігі", - деп жазған Айқын.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол Димаш Құдайбергенге "Славян базарын" ұтып келген соң (оған дейін де), үлкен-үлкен саxналарға , мемлекеттік маңызды іс-шараларға шығарып демеу көрсеткен де министрлік, оның ішінде Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза екенін айтып өтті.

"Астанадағы Димаштың стадионда, әлемдік деңгейдегі шоу-концертіне де тікелей қолдау көрсеткен жоғарыда айтылған ағамыз. Сондықтан "Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады" - деген бос әңгіме. Димаштай, Қайраттай, 91 тобындай жтбсс талантты інілеріміз бен қолдаушы ағаларымыз аман болсын!!! Және ең бастысы өнер адамдарын өсіретін де, өшіретін СІЗДЕР аман болыңыздар, құрметты КӨРЕРМЕН ҚАУЫМ!!!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама