Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады

Димаш Құдайбергенов

?аза?станды? ?нші Димаш ??дайбергенов ?ытайда ?тетін I Am a Singer музыкалы? бай?ауына ?атысатын болды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?ншіні? менеджері Алпамыс Ш?рімов айтты.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайда өтетін I Am a Singer музыкалық байқауына қатысатын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің менеджері Алпамыс Шәрімов айтты.

Айта кетейік, музыкалық байқау Қытайдың Чанша қаласында өтеді. Әншінің менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы байқауға қатысатындықтан, тіпті имиджін де өзгерткен. "Димаштың имиджін өзгерттік. Бұл The voice байқауы емес, мұнда өте танымал әншілер қатысатын болады", - деді Алпамыс Шәрімов.

Реклама
Реклама

"Димаш - ең жас қатысушы. Оны ұйымдастырушылардың өздері шақырды. Димаш француз тілінде ән айтады", - деді Шәрімов. Айта кетейік, I Am a Singer байқауының 5-ші маусымы Қытайдың Hunan TV телеарнасынан көрсетіледі. Байқауға жеті орындаушы қатысады. Жеңімпазды аудитория анықтайтын болады.

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама