Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында біраз уаұыт АҚШ-та тұрып келуге ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында біраз уаұыт АҚШ-та тұрып келуге ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әнші MTV USA бағдарламасында ағылшын тілінде сұхбат берді. Кевин Кеннимен сұхбатының тоғыз минуттық үзіндісін Димаш Instagram-парақшасында жариялады.

Әнші жанкүйерлер қарым-қатынасы мен ата-анасының қуанышы оны қаншалықты шабыттандыратынын, Қытайдағы шығармашылығы және ондағы тұрғындардың оны қалай қарсы алғаны туралы сөз қозғады.

Реклама
Реклама

"Менің қытайлық жанкүйерлерім өте мейірімді және қамқор", - деді әнші.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген шығармашылығын одан әрі дамыту үшін уақытша АҚШ-қа көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Видео соңына әншінің жанкүйерлері оны қолдап, сәттілік тілеп, түрлі пікір қалдырған.

"АҚШ-қа шығармашылығыңды дамытуға кетіп бара жатқаның біз үшін өте қуанышты жайт!!!"- деп жазады оқырмандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама