Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында өнер көрсетеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2021 жылдың 17 қаңтарында АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған іс-шараға қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dimash news басылымына сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша іс-шараны қалалардың халықаралық қауымдастығы - Sister Cities International ұйымы өткізеді. Оның құрметті тең төрағасы АҚШ-тың сайланған президенті Джозеф Байден болды. Іс-шараға дипломатиялық корпус та қатысады.

Коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты шара онлайн-форматта 2021 жылғы 17 қаңтарда сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 6.00-ден 8.00-ге дейін) өтеді.

Реклама
Реклама

16 қаңтарда, іс-шараға бір күн қалғанда, қазақстандық орындаушы DIMASH DIGITAL SHOW-дың алғашқы онлайн-концерті өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама