Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
900
comments icon
0
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

King Choice веб-сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесінде Димаш Құдайберген 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орында 8 197 975 дауыс жинаған оңтүстіккореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин. Үшінші орынға тағы бір оңтүстіккореялық әнші Чха Ын У (1 918 514 дауыс) ие болды.

Димаш Құдайберген - рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Сонымен қатар, тізімде Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2020 жылы Димаш Құдайберген тәуелсіз сұлулық сыншылары TC Candler 100 тізімінде жылдың ең сымбатты адамы атағына ұсынылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная