ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2019 | 11:09
Димаш Құдайберген Екінші еуропалық ойындардың ашылуында ән айтты
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 21 маусымда Минскідегі "Динамо" стадионында өткен Екінші еуропалық ойындардың ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол опера жұлдызы Анна Нетребкомен бірге шара хедлайнерлерінің бірі болды, - деп хабарлайды Sputnik Беларусь.

Димаш итальян тілінде жаңа композицияны орындады. Әншіні композитор Игорь Крутой сүйемелдеп отырды. Ғаламат шоуды 22 мыңнан аса адамды тамашалады, сондай-ақ 196 елде көрсетті.
Құрметті қонақтар трибунасында Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров, Молдова, Сербия президенттері, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар болды.
Таяуда Димашты Минск әуежайында ондаған жанкүйерлер қарсы алды. Кейін олар әлеуметтік желілерде кумирмен болған сурет пен видеоларымен бөлісті.
Еуропалық ойындар Минскіде 21-30 маусым аралығында өтеді. Жарыс аясында 15 спорт түрінен 200 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Tomorrow Opening Ceremony 2 European Games.Rehearsal
Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 20 Июн 2019 в 8:39 PDT
Показать комментарии
Читайте также