ПОДЕЛИТЬСЯ
23 мамыр 2022 | 12:58
Димаш Құдайберген ең ұлы музыкант кім екенін айтты
Қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында Мюнхендегі Digital Life Design конференциясында берген сұхбатын жариялады. Ол танымал америкалық әнші Леди Гаганың продюсері Ральф Саймонмен сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында Мюнхендегі Digital Life Design конференциясында берген сұхбатын жариялады. Ол танымал америкалық әнші Леди Гаганың продюсері Ральф Саймонмен сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұхбат барысында әнші кинофильмдерге жазатын музыкасымен танымал әйгілі композитор Ханс Циммермен бірлесе жұмыс істеу туралы ойын айтты.
"Әрине. Бұл менің арманым! Ол керемет адам. Менің ойымша, ол №1, ең ұлы, данышпан музыкант", - деді Димаш сұхбат барысында.
Циммердің музыкасы америкалық академияның "Оскар" сыйлығына бірнеше рет ұсынылған, оның ішінде "Гладиатор", "Шерлок Холмс" және "Интерстеллар" сияқты фильмдердің саундтректері бар. Композитор 2022 жылы "Дюна" фильмі үшін "Үздік саундтрек" және "Арыстан патша" (1995) үшін "Үздік түпнұсқа саундтрек" номинацияларында екі рет мүсіншеге ие болды.
Сонымен қатар, сұхбат барысында Димаш әжесі бала кезінде қалай күнде музыка мектебіне апарғаны туралы әңгімеледі.
"Мен қазір әжем туралы сөйлескім келіп тұр. Ол кезде аяғы ауырады, бірақ мені күн сайын таңертең музыка мектебіне апарып, үш сағаттан артық күтіп тұратын. Түсінесіз бе? Осы уақыттан бері мен үнемі оқып келемін. Қазір университетте ғылым докторы (PhD) дәрежесіне оқып жатырмын. Жалпы алғанда, 23 жыл", - деді ол.
Осы сәтті пайдаланып, Димаш мұғалімдері мен тәлімгерлеріне алғыс айтты.
Сондай-ақ, ол дүниежүзі бойынша көрерменнің жүрегін қалай жаулап алғаны туралы сұраққа жауап берді.
"Білмеймін! Мен жай ғана "Хунан ТВ" конкурсында өнер көрсеттім, трансляциядан кейінгі күні жанкүйерлерім қоңырау шала бастады. Мысалы, Джеки Чан", - деді ол.
Димаш Құдайберген Джеки Чанды әнімен баурап алған.
Құдайберген атақты киноактер Джеки Чанмен достығы туралы толығырақ айтып берді.
"Джеки Чан маған күртке мен басқа да заттар сыйлады. Бір кездесуден кейін біз жиі сөйлесіп, кездесе бастадық. Қазір доспыз - үлкен жұлдыз бен өнер жолын енді бастап жүрген әнші. Біздің алғашқы кездесуімізден үш жыл өткен соң, ол маған қоңырау шалып: "Мен жаңа фильм түсіріп жатырмын, оған OST (саундтрек) орындағаныңды қалаймын" деді. Мен бірден келістім. Ән қандай стильде, маған ұнай ма, жоқ па деп ойламадым. Бұл маңызды емес, өйткені бұл Джеки Чан", - деп бөлісті ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также