ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2019 | 14:08
Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өткен концерттен түскен қаражатты Арыста зардап шеккендерге береді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Нұр-Сұлтанда "Астана Арена" стадионында өткен концертте билеттер сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігін Арыста зардап шеккендерге көмектесу мақсатында құрылған қорға аударатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің бауырларымыз - Арыс тұрғындары қандай жағдайға тап болғанын білесіздер... Сол себепті мен концерттен түскен қаражаттың біршама бөлігін Арыста зардап шеккендерге аударуды ұйғардым", - деді әнші.
Димаш Құдайбергеннің жеке "Арнау" атты концерті елорда күніне орай өткізілді. Бағдарламада қазақтың ұлттық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары орындалды, сондай-ақ Димаштың авторлық әндері де шырқалды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әншінің фанаттары 64 елден 10 мыңға жуық адам билет сатып алған.
Димаштың осы концертін 6 шілдеде Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Еске салайық, Арыста әскери қоймада жарылыстардың салдарынан үш адам қаза тапты. Қазақстандықтар қала тұрғындарына көмек ретінде миллиард теңге жинады.
Показать комментарии
Читайте также