Димаш Құдайберген Нью-Йоркте бірнеше тілде ән айтады

15 Қазан, 17:44
0
Димаш Құдайберген Нью-Йоркте бірнеше тілде ән айтады -

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген 10 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) жеке Arnau tour ENVOY концертін береді. Қазақстандық әнші бірнеше тілде ән салады: қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен Arnau tour ENVOY шоуы арқылы еліміздің мәдениетін бүкіл әлемге көрсете алатыным үшін бақыттымын. Нью-Йорктегі концерттің көрермендері заманауи нақыштағы нағыз қазақ өнерімен таныса алады. Қазіргі уақытта мен және біздің команда осымен жұмыс істеп жатырмыз. Осы жобаға қатысып жатқан әрбір адамның өз ісінің кәсіби маманы екенін айтқым келеді", - деді Димаш Құдайберген. 

Arnau tour ENVOY концепциясына Димаш Құдайберген 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өнер көрсеткен  ARNAU бағдарламасының ең үздік сәттерін қосады. Шоудың негізгі мотиві - жаһан шексіздігі. 

Шоу кезінде ескі хиттер мен осы бағдарлама үшін жазылған жаңа әндер орындалады. 

Концерттің Мәдениет және спорт министрлігі АҚШ-тағы Қазақстанның мәдени күндері аясында өткізеді. Димаштың шоуы Barclays Center аренасында өтеді, оған 19 мың адам сыяды. 13 қыркүйекте билеттер сатылымға шықты. 

Димаштың командасынан бөлек Нью-Йоркке "Астана балет" театрының ұжымы да барады. 

Айта кетейік, 29 қарашада әнші Санкт-Петербургте концерт береді деп жоспарланған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай